Кейбір елдерге ковид шектемесі алынып тасталды

Түрік әуе жолдары осылай деп хабарлады.

1825155
Кейбір елдерге ковид шектемесі алынып тасталды

Түрік әуе жолдары (THY) бұдан былай Кувейт, Хорватия, Грекия және Қырғызстанға кірер кезде вакцинация картасын немесе ПТР сынамасын көрсетудің міндетті емес екенін мәлімдеді.

THY-нің әлеуметтік медиа аккаунттарынан жарияланған ақпаратта коронавирустың (Ковид-19) барлық жаңа түрлеріне байланысты осы елдерге саяхаттарға қойылған шектеулердің жойылғаны білдірілген.

"Кувейт, Хорватия, Грекия және Қырғызстанда жүзеге асырылған Ковид-19 шектемелері аяқталды. Бұл елдерге кірген кезде вакцинация картасын немесе ПТР сынамасын көрсету міндетті емес. Сапарыңыз сәтті өтсін" деп айтылды.



Ұқсас жаңалықтар