Сирияның солтүстігінде 12 террорист залалсыздандырылды

Ұлттық қорғаныс министрлігінің әлеуметтік желідегі ресми аккаунтынан хабарлама жасады.

1824050
Сирияның солтүстігінде 12 террорист залалсыздандырылды

Сирияның солтүстігінде Түрік қарулы күштері жүзеге асырған «Бейбітшілік бұлағы», «Евфрат қалқаны» және «Зәйтүн бұтағы» операциялары аймақтарына шабуылдаған бөлшектеуші террор ұйымы PKK/YPG-лік 12 террорист залалсыздандырылды.

Ұлттық қорғаныс министрлігінің әлеуметтік желідегі ресми аккаунтынан жасалған хабарламада «Сирияның солтүстігінде шабуыл жасамақ болған лаңкестерді жоюды жалғастырамыз! «Бейбітшілік бұлағы», «Евфрат қалқаны» және «Зәйтүн бұтағы» операциялық аймақтарына шабуылдаған PKK/YPG-лік 12 террорист арнайы десанттар тарапынан залалсыздандырылды» делінді.

Екінші жағынан «Ерен-Қыс» операциялары аясында араларында PKK-ның Ағры тауы жауапкері де бар 11 террорист залалсыздандырылды.

19 ақпан күні Ішкі істер министрлігінің үйлестіруімен Ағры тауының ауылдық жерлерінде «Eren қыс-9» операциясы басталды.

Операцияға 1 мың 592 қызметкер және 82 арнайы топ қатысты.

Жүргізілген операция аясында террористтер пайдаланған ұзындығы шамамен 100 метр, тереңдігі 28 метр үңгір анықталды. Террористердің үңгірді паналағаны анықталған соң операция басталды.

9 мамыр күні аяқталған операцияда араларында PKK-ның Ағры тауы жауапкері де бар 11 террорист залалсыздандырылды.

28 баспана мен қойма жойылған операцияда террористтерге тиесілі көптеген қару-жарақ, оқ-дәрі, азық-түлік және тұрмыстық заттар мен ұйымдық құжаттар тәркіленді.



Ұқсас жаңалықтар