Ердоғаннан "Еуроодақ күні" хабарламасы
Президент Режеп Тайып Ердоған 9 мамыр Еуроодақ күніне орай хабарлама жариялады.
Президент Режеп Тайып Ердоған Түркия-Еуроодақ (ЕО) қарым-қатынастарын әр салада дамытудың екі жақтың да мүддесі екенін айтты.
Ердоған хабарламасында Еуропалық интеграцияның негізін қалаған Шуман декларациясы жарияланған 9 мамыр күнінің (1950) Түркияда да Еуроодаққа үміткерлік мәртебесі тіркелген 1999 жылдан бері «Еуропа күні» ретінде аталып келе жатқанын білдірді.
Шуман декларациясының өзегіндегі көзқарастар бүкіл әлемді талқандаған бір соғыстың (Екінші дүниежүзілік соғыс) артынан Еуроодақ елдерінің өзара келіспеушіліктері мен дұшпандықтарын тастап, бейбітшілік, қауіпсіздік, даму және өркендеу үшін бірігуін қамтамасыз еткенін атап айтқан Ердоған «ЕО болса керісінше өткеннен бүгінге дейін жетілдірген ортақ саясатымен бейбітшілік жобасы болудан әлдеқайда асып түсті» деді.
Президент «Соңғы жылдары өзінің негізін қалаушы құндылықтарынан алшақтап, мүше мемлекеттердің қысқа мерзімді саясаттарының ықпалында болған ЕО-тың Украина соғысымен өзі үшін жаңа дастан жазатын кез келді. Қазіргі таңда Еуропаның қақ ортасында бүкіл әлемнің көзінше болып жатқан бұл қайғылы оқиға Еуроодақ тұрғысынан бір ескерту іспеттес» деді.
Түркияның (ЕО-ға) үміткер ел және НАТО-ның одақтасы ретінде ғана емес, сонымен қатар Еуроодақтың терең және күшті келісімі бар серіктесі ретінде қазіргі қиындықтарды жеңуге нақты үлес қосқанын атап көрсеткен Ердоған «Украинадағы соғыстың жаһандық көлемдегі жағымсыз салдары қауіпсіздік, көші-қон, жеткізу саласы және энергетикадан бастап, ЕО үшін қаншалықты стратегиялық маңызды екенін тағы бір рет растап шықты. Барған сайын күрделене түскен әлемдік сахнада айырмашылықтардан гөрі ортақ мүдделерге, қақтығыстан гөрі біз қолдаған негізгі құндылықтарға назар аудару және Түркия-ЕО қарым-қатынастарын барлық салаларда жақсарту екі тараптың да мүдделеріне сай келеді» деді.
Ұқсас жаңалықтар
Хакан Фидан Испанияға барады
Министр Фидан Мадридте өтетін ИЫҰ мен Араб лигасы құрған байланыс тобының отырысына қатысады.