Түркияға F-16 ұшақтарын сатуға АҚШ Конгресінен қолдау

АҚШ Конгресінің көптеген мүшесінің Түркияға F-16 сатуды қолдағаны білдірілді.

1822924
Түркияға F-16 ұшақтарын сатуға АҚШ Конгресінен қолдау

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) Конгресінің көптеген мүшесінің Түркияға F-16 әскери ұшағын сату бағдарламасын қолдағаны білдірілді.

АҚШ-тың қорғаныс саласындағы маңызды ақпарат құралдарының бірі «Defence News» газетіндегі хабарға қарағанда, Түркияның әсіресе (24 ақпаннан бері жалғасуда) Украина соғысында «Байрактар ​​ТБ-2» пилотсыз әуе көліктері және Ресеймен жүргізген дипломатиямен ұстанған жолы АҚШ конгресінде оң көзқарас туғызды.

Түркияның соңғы кездегі рөлінің Анкараға F-16 әскери ұшағын сату тақырыбында Конгресстегі  наразылықтарды азайтқаны баса айтылған хабарда Конгресс мүшелерінің пікірлері де орын берілді.

Президент Джо Байден әкімшілігінің Түркияға F-16 саудасының НАТО мен Америка Құрама Штаттарының қауіпсіздік мүдделеріне қызмет ететіні туралы пікір білдіргеніне назар аударған конгресс мүшелері F-16 сатылымының Түркияның Украинаға қолдау көрсетуін жалғастыру барысында да тиімді болатынын білдірді.

АҚШ Өкілдер палатасының халықаралық қатынастар комитетінің төрағасы Грегори Микс «Ресейге қарсы бізбен бірге әрекет ететін Түркия және басқа елдермен сөйлесуге, бірлесе жұмыс істеуге қажеттілігіміз бар. Түркия дұрыс бағытта біраз әрекет жасады. Бізді анда-санда кейбір жайттар мазаласа да, Түркиямен жұмыс істеуге қажет тұстар бар» деді.

Екінші жағынан Түркияны F-35 бағдарламасынан шығару үшін үлкен талпыныс жасаған көптеген конгресс мүшесі F-16-ның Түркияға сатылуына қарсы болмайтындарын білдірді.

АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының Қарулы күштер комитетінің төрағасы Адам Смит «Түркиямен қарым-қатынасқа мұқтажбыз, бұл қарым-қатынастарды қалпына келтірудің жолын табуымыз керек» деді.



Ұқсас жаңалықтар