Ердоған мен Макрон телефонда сөйлесті
Президент Ердоған Түркия мен Франция қарым-қатынастарының ортақ құрлық Еуропаның жаһандық ролі тұрғысынан өте маңызды екенін айтты.

Президент Режеп Тайып Ердоған Франция президенті Эммануэль Макронмен телефон арқылы сөйлесті.
Президенттік аппараттың Коммуникация басқармасынан жасалған мәлімдемеде Түркия мен Франция қарым-қатынастарын дамыту қадамдары және Ресей-Украина соғысын қамтыған аймақтық тақырыптар қолға алынғаны білдірілді.
Президент Режеп Тайып Ердоған Франция президенті болып қайта сайланған Эммануэль Макронды құттықтады, сайлау нәтижесінің Франция үшін қайырлы болуын тіледі.
Президент Ердоған Түркия мен Франция қарым-қатынастарының ортақ құрлық Еуропаның жаһандық ролі тұрғысынан өте маңызды екенін айтты.
Түркия Украинадағы соғыстың дипломатия жолымен шешілуі үшін қолынан келген талпынысты көрсеткенін білдірген Ердоған келіссөз процесінің қолдау табуының маңызына тоқталды.
Ұқсас жаңалықтар

Түркия Газада «Дала ауруханасын» құрады
Комитеттің қорытындысына байланысты аурухананы тез арада пайындап беру жоспарлануда.

Түркияға тағы бір науқас тобы келеді
Ертең Газа шекара қақпасынан тағы бір топ науқас Түркияға жеткізіледі.