Frontex-тің бюджеті күн тәртіпте
Чавушоғлу Либерия сыртқы істер министрі Ди-Максвелл Саах Кемаяхпен Анкарада кездесті
1822653
Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Либерия сыртқы істер министрі Ди-Максвелл Саах Кемаяхпен Анкарада кездесті. Кездесуден кейін мәлімдеме жасады.
Чавушоғлу мәлімдемеде Frontex-тің құжаттарды ұзақ уақыттан бері мойындамағанын, Түркиядан қосымша құжаттар талап еткенін және бұлардың қатысты орындарға жіберілгенін айтты.
Frontex-тің атқару директорының 28 сәуірден міндетінен кеткенін және кеше Еуропа Парламентінің Frontex-тің бюджетін де бекітпегенін еске салған Чавушоғлу "Өйткені бұл бюджеттің бір бөлімі босқындардың кері қайтарылуында қолданылды. Бұл жауыздық әрекеттерге Frontex те қатысты, куәгер болды. Бюджеттің бекітілмеуі немесе Атқару директорының жұмыстан кетуі Frontex-ті пәктікке шығармайды" деді.