Түркия мен Армения өкілдері кездесті

Елші Сердар Кылыч пен Армения Парламенті төрағасының орынбасары Рубен Рубинян Австрияның астанасы Венада кездесті.

1821741
Түркия мен Армения өкілдері кездесті

Түркия мен Арменияның қалыпқа түсу процесінің арнайы өкілдері елші Сердар Кылыч пен Армения Парламенті төрағасының орынбасары Рубен Рубинян арасындағы үшінші кездесу Австрияның астанасы Венада өтті.

Сыртқы істер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде арнайы өкілдердің процесті алғышартсыз жалғастыруға келіскендері білдірілді.

Мәлімдемеде:

"Арнайы өкілдер екі ел арасында процес жолымен толық қалыпқа түсуге бағытталып жарияланған нысананы анықтады. Осы аяда нақтылы тұғырлар жөнінде шынайы және байсалды көзқарас алмастырды. Ілгерлеу үшін басылатын қадамдарды қолға алды" деп көрсетілді.

Түркия мен Арменияның қалыпқа түсу процесінің алғашқы кездесуі 14 ақпанда Ресейдің астанасы Мәскеуде өткізілді.

Осыф кездесуде Армения мен Түркия арасында 2020 жылы аяқталған ұшақ рейстерін қайта бастауға шешім жасалып, ақпан айында өзара рейстер бастаған болатын.

Бұл үдерісте Армения Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоян 11-13 наурызда Анталияда ұйымдастырылған Анталия Дипломатия форумына қатысқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар