Түркияда патенттік өтінімдер артты

Түркия  бренд пен патент саласында жылдам дамыған елдердің біріне айналды.

1819390
Түркияда патенттік өтінімдер артты

Түркия патенттік өтінімдерде әлемде 4-ші орында. 

Түркия ғылыми-технологиялық зерттеу кеңесінің (TUBITAK) төрағасы Хасан Мандал зияткерлік меншік бойынша жұмыстардың соңғы жылдарда артқанына меңзеп, әсіресе соңғы  жылда бастысы энергия саласында арту болғанын айтты.

Хасан Мандал:

"Төмен көміртекті энергия патенттерінің көбеюін байқап отырмыз. Парниктік газдар шығарындыларын азайтуға бағытталған жаңартылатын энергия және энергия сақтау технологияларын дамытуда 72 пайыздық арту бар" деді.

Түркия патенттік өтінімдерде әлемде 4-ші орынға көтерілгенін айтқан Мандал  бренд пен патент саласында жылдам дамыған елдердің қатарында екенімізді білдірді.

Өтінімдердің ақпараттық технологиялар саласында да шоғырланғанын жеткізген Хасан Мандал Түркияның әйел зерттермендер санында 4-ші сатыда тұрғанын айтты.



Ұқсас жаңалықтар