Маариф қоры Колумбияда маңызды жұмыс істеуде

Чавушоғлу  Маариф қорының әлемнің ең үлкен 5 білім беру ұйымының қатарында орын алғанын айтты.

1819497
Маариф қоры Колумбияда маңызды жұмыс істеуде

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу  Маариф қорының әлемнің ең үлкен 5 білім беру ұйымының қатарында орын алғанын айтты. 

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу ресми сапармен Колумбияның астанасы Боготаға барды. Сапар аясында Маариф қоры ғимаратының беташарына қатысып, сөз сөйледі. 

Чавушоғлу Колумбия вице-президенті және Сыртқы істер министрі Марта Лусиа Рамиреспен маңызды кездесу өткізгенін айтты. 

Министр Чавушоғлу  Колумбия президенті Иван Дуке Маркестің басшылығында қатысты министрлермен кездесіп, екі ел қарым-қатынасы және аймақтық тақырыптарды қолға алғандарын түсіндірді. 

Чавушоғлу "Қабылдағаны үшін президент Иван Дуке Маркеске тағы бір рет алғыс айтамын. Колумбия Латын Америка ынтымақтастығымыздағы маңызды бір орталық" деді. 

Маариф қорының 67 елде жұмыс істеп жатқанын баяндаған Мевлүт Чавушоғлу "Қорымыз осы таңда әлемнің ең үлкен 5 білім беру ұйымының бастысына  айналды. Миссия саны тұрғысынан алғанда Түркия әлемде 5-ші орында. Маариф Түркияның халықаралық білім беру саласындағы мақтанышы" деді. 

Чавушоғлу "Маариф қоры қазірдің өзінде Колумбияда маңызды жұмыстар істеді" деп көрсетті.

 

 



Ұқсас жаңалықтар