«Ерен Аблука-7» операциясы басталды

Ішкі істер министрлігі операциямен байланысты мәлімдеме жасады.

1819611
«Ерен Аблука-7» операциясы басталды

Сирияның солтүстігінде бөлшектеуші террор ұйымы PKK/YPG мүшесі 12 террорист залалсыздандырылды.

Ұлттық Қорғаныс министрлігі жасаған мәлімдемеге қарағанда Сирияның солтүстігіндегі «Бейбітшілік бұлағы» мен «Евфрат қалқаны» аймақтарына PKK/YPG-лік террористтердің шабуыл жасауға дайындалғаны анықталды.

Операцияда PKK/YPG-лік 12 террорист залалсыздандырылды.

Мәлімдемеде «Батыр Түрік қарулы күштері Сирияның солтүстігіндегі террористтердің індерін жоюды жалғастыруда» делінді.

 Екінші жағынан Тунджелиде бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ға қарсы «Эрен Аблука-7» операциясымен үлкен соққы енгізілді.

2019 жылы 27 мамыр күні Хакуркпен басталған, Синат-Хафтанинмен жалғасқан, Метина және Авашин-Басянмен кеңейген, соңында Зап аймағымен жалғасқан «Пенче» операцияларында осы уақытқа дейін 1 мың 067 террорист залалсыздандырылды.

Ішкі істер министрлігі мәлімдемесіне қарағанда операцияға 622 әскери қызметкер мен 40 операциялық топ қатысуда.

Операцияның 1-ші күні Тунджели провинциясының Бузлутепе аймағындағы іздестіру жұмыстары барысында 5 үңгірде көптеген ұйымдық құжат пен тіршілік материалдары тәркіленді.

Ел көлемінде террорды толығымен жою мақсатында жүргізіліп жатқан «Аблука» операциялары табандылықпен және сәтті жалғасуда.



Ұқсас жаңалықтар