Ердоған Сауд Арабиясындағы шабуылдарды айыптады

Президент Ердоған Сауд Арабиясына аттанар алдында Стамбул Ататүрік әуежайында мәлімдеме жасады.

1820065
Ердоған Сауд Арабиясындағы шабуылдарды айыптады

Президент Режеп Тайып Ердоған:

"Сауд Арабиясын нысанаға алған шабуылдарды тағы бір рет айыптаймын" деді.

Президент Ердоған Сауд Арабиясына аттанар алдында Стамбул Ататүрік әуежайында мәлімдеме жасады.

Өткен ай астана Риадтағы мұнай базасына жасалған шабуылды ескерткен Президент Ердоған:

"Сауд Арабиясын нысанаға алған ұшқышсыз әуе көлігімен және зымыранмен жасалған шабуылдарды тағы бір рет айыптаймын" деді.

Президент Ердоған:

"Сапарым бауырлас екі ел ретінде тың ынтымақтастық кезеңін бастауға бағытталған ортақ жігеріміздің бейнесі.  Осы арқылы Түркия мен Сауд Арабиясы арасындағы қарым-қатынастарды толық талқылаймыз" деп көрсетті.

Мәлімдемесінде Түркияда өткізілген АҚШ пен Ресей арасындағы айыпкер алмастыруға тоқталған Президент:

"Аймақта бейбітшіліктің орнауын тілейміз. БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерреш кездесулер жайлы мәлімет берді.  Путин де осы тілегін жеткізді. БҰҰ-ның араласуын болымды деп қарайтынын айтты.

Путин орыстардың АҚШ-тағы бір азаматының ұстауы себепті телефон шалды. АҚШ-тың да Ресейде бір азаматы тұтқындалды. Біз Барлау ұйымымен бірге іске кірістік. Путин бұл үшін алғыс айтты және бұдан былай да байланыс жасап тұруды, процесті табысты аяқтатуды тіледі" деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар