Ердоған мен Путин телефонда сөйлесті

Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы тақырыппен байланысты мәлімдеме жасады.

1819954
Ердоған мен Путин телефонда сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.

Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы жасаған мәлімдемеге қарағанда кездесуде Ресей мен Америка Құрама Штаттары (АҚШ) арасында кеше Түркияда жүзеге асқан алмасуға қоса және Украинадағы соғысқа қатысты оқиғалар талқыланды.

Әңгіме барысында Путин ресейлік ұшқыш Константин Ярошенко мен АҚШ Әскери-теңіз күштері сарбазы Тревор Ридтің Ұлттық барлау ұйымының үйлестіру және бақылауымен кеше Түркияда жүзеге асқан алмастыру үшін президент Ердоғанға алғысын білдірді.

Президент Ердоған да Түркияның бұл алмасудағы араағайындық әрекетінің бейбітшілікке, келіссөзге және ынтымақтастыққа берген маңыздың белгісі ғана емес сонымен бірге арадағы қызметі тұрғысынан да мағыналы екенін білдірді.

ҰБҰ-ның алмасу процесіндегі рөліне назар аударған Ердоған барлау органдары арасындағы үйлестіру және жақын келіссөздің жалғасу керектігін, мұның аймақтағы гуманитарлық трагедияның алдын алуға және тұрақтылықты орнатуға септігін тигізетінін мәлімдеді.

Президент Ердоған 24 ақпан күнінен бері жалғасып келе жатқан Ресей және Украина арасындағы соғысты тоқтату үшін де инициатива алып, бейбітшілік жолында араағайындық жасауға дайын екендерін атап, Стамбул келіссөздерінде қол жеткізілген қарқынды арттыра отырып аймақта тұрақты бейбітшілікті тезірек қалыптастыруды қалағандарын тілге тиек етті.

Президент Түркияның екі көршісі арасындағы бұл дағдарысты еңсеріп, табандылық және шынайылықпен бейбітшілік үшін күш-жігерлерін жалғастыратындарын баса айтты.



Ұқсас жаңалықтар