Чавушоғлу Колумбияға барды

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлуның Латын Америка сапары жалғасуда.

1818926
Чавушоғлу Колумбияға барды
Marta Lucia Ramirez-Mevlut Cavusoglu1.jpg
Marta Lucia Ramirez-Mevlut Cavusoglu.jpg

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Түркияның Латын Америка аймағындағы қарым-қатынастарға қатты көңіл бөлгенін айтты. 

Министр Чавушоғлу ресми сапармен Колумбияға барды. Сапар аясында Колумбия вице-президенті және Сыртқы істер министрі Марта Лусиа Рамиреспен кездесті. Чавушоғлу кездесуден кейін мәлімдеме жасады.

Министр Чавушоғлу мәлімдемесінде "Мамыр айы ішінде Колумбия президенті Иван Дуке Маркесті елімізде күтіп алғымыз келеді. Бұл сапардың сәтті өтуі үшін құрметті досым Марта Лусиа Рамиреспен бірге дайындық жасап жатырмыз. Бүгін, ертең өткізілетін кездесулерде екі ел қарым-қатынастарын қолға аламыз. Басылатын қадамдарды талқылаймыз" деген сөздер қолданды. 

Түркия ретінде Латын Америка аймағында қарым-қатынастарды дамытуға қатты көңіл бөлгендерін түсіндірген Чавушоғлу "Аймағымызда көптеген мәселелер болған кезде және Украина соғысы жалғасып жатқан кезде бұдан бұрынғы жоспарымызды бұзбай, аймаққа келіуіміздің өзі бұның бір дәлелі болып табылады" деген сөздер қолданды. 

Чавушоғлу 20 жыл бұрын аймақта 6 елшіліктің болғанын еске салып, "Осы таңда 18 миссиямыз бар. Саудамыз мөлшермен 1 миллиард доллардан 15 миллиард долларға өсті. Біз Колумбияны Латын Америка аймағында ең маңызды ортақтарымыздың бірі ретінде қараудамыз" деп көрсетті. 

 



Ұқсас жаңалықтар