Ердоған мен Путин телефонда сөйлесті

Президент Ердоған бейбітшілікке жетелейтін жолдың ашылуы үшін Стамбул кездесулеріндегі болымды беталысты жалғастыру барша үшін пайдалы екенін айтты.

1818428
Ердоған мен Путин телефонда сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Ресей президенті Владимир Путинге Ресей мен Украина арасындағы келіссөздерде маңызды орай болған Стамбул процесін лидерлер өресіне көтеру ұсынысын қайталады. 

Президент Ердоған президент Владимир Путинмен телефонда сөйлесті.

Президенттік аппараттың Коммуникация басқармасынан жасалған мәлімдемеде телефондағы әңгімеде екі басшының 24 ақпаннан бері жалғасып жатқан Ресей-Украина соғысындағы соңғы жағдайлар және Түркия мен Ресей қарым-қатынастарын қолға алғаны білдірілді.

Президент Ердоған телефонда бейбітшілікке жетелейтін жолдың ашылуы үшін Стамбул кездесулеріндегі болымды беталысты жалғастыру барша үшін пайдалы екенін айтты.

Ресей-Украина арасында атыстың тоқтауы, гуманитарлық дәліздердің белсенді жұмыстануы және эвакуациялардың сенімді жалғасуының маңыздылығына тоқталған президент Ердоған баршаға зиян салған соғыстың аяқталуы және түбегейлі бейбітшіліктің орнауы үшін Түркияның қолынан келген талпыныстарды көрсететінін тілге тиек етті.

Президент Ердоған Путинге Ресей-Украина арасындағы келіссөздерде маңызды орай болған Стамбул процесін лидерлер өресіне көтеру ұсынысын қайталады. 



Ұқсас жаңалықтар