Бурсада құлаған ұшақта 2 ұшқыш қаза тапты
Османгази ауданында оқу-жаттығу ұшағы үйлердің ортасына құлап, өрт шықты.
1817830

Бурсада жалғыз моторлы оқу-жаттығу ұшағының құлауы салдарынан ұшқыш пен көмекші ұшқыш қаза тапты.
Османгази ауданында оқу-жаттығу ұшағы үйлердің ортасына құлап, өрт шықты.
Оқиға болған аймаққа көптеген полиция, өрт сөндіру тобы мен денсаулық қызметкері жолданды.
Бурса әкімі Якуп Жанболат мәлімдемесінде:
"Оқу-жаттығу ұшағының құлауы салдарынан ұшқыш пен көмекші ұшқыш қаза тапты. Алғашқы анықтамаға қарағанда жаралы жоқ" деді.