Президент Ердоған спортшылармен бірге ауыз ашты

Ердоған алдағы уақытта да спортшыларға бар мүмкіндікті ұсынатындарын айтты.

1815483
Президент Ердоған спортшылармен бірге ауыз ашты

Президент Режеп Тайып Ердоған «Біздің спортшылар  халықаралық жарыстардың барлығынан дерлік құр алақан қайтпайды» деді.

Президент Ердоған елорда Анкарада «Спорт жұлдыздары ауызашар бағдарламасында» сөз сөйледі.  Сөзін «Мен Түркияның мақтанышы болған спортшыларына ауызашар бергеніме қуаныштымын. Сіздер еліміз үшін бірегей қызмет көрсетіп, халқымызға үлкен қуаныш сыйладыңыздар» деп бастаған президент: «Біздің спортшылар  халықаралық жарыстардың барлығынан дерлік құр алақан қайтпайды. Бүгінде біздің спортшылар қарсыластары құрметтейтін мықты бәсекелестер ретінде көрінетін жағдайға жетті» деді.

«Біз өз спортымыздың атын Токио-2020 Олимпиадасы мен Паралимпиада ойындарында алтын әріптермен жаздырып, шыңға жеттік. Дүние жүзінде 20 мыңға жуық спортшы қатысқан осы жарыста барлығы 28 медаль жеңіп алып, ұлтымыздың мақтанышына айналдыңыз» деген Ердоған алдағы уақытта да спортшыларға бар мүмкіндікті ұсынатындарын айтты.

«2024 жылы Парижде өтетін Олимпиадада да бұдан да үлкен жетістіктерге бірге жетеміз» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар