Кушадасында 28 босқын құтқарылды

Қауіпсіздік күштері үрлемелі қайықтағы заңсыз 28 босқынды құтқарып, құрлыққа шығарды.

1815307
Кушадасында 28 босқын құтқарылды

Айдынның Кушадасы ауданында Грекия Жағалау қауіпсіздік қызметкерлері тарапынан Түркия су айдынына кері қайтарылған 28 босқын құтқарылды.

Жағалау қауіпсіздік қолбасшылығы жасақтары Кушадасы ауданы маңында үрлемелі қайықта босқындар бар екені жөнінде ақпар алды. Аймаққа Жағалау қауіпсіздік қайығы жіберілді.

Қауіпсіздік күштері үрлемелі қайықтағы заңсыз 28 босқынды құтқарып, құрлыққа шығарды.

Босқындар тексеруден өткеннен кейін Уәлаят миграция (Көші-қон) басқармасына жолданды.

 



Ұқсас жаңалықтар