Ердоған Израиль президенті Ицхак Герцогпен сөйлесті

Ердоған әңгіме барысында әл-Акса мешітінің мәртебесі мен руханиятына баса назар аударды.

1814725
Ердоған Израиль президенті Ицхак Герцогпен сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Израиль президенті Ицхак Герцогпен телефон арқылы сөйлесті.

Әңгіме барысында Палестинада израильдік радикалды топтар және қауіпсіздік күштері себеп болған оқиғалар талқыланды.

Әлеуметтік медиа арқылы Герцогпен әңгімесі туралы ақпарат берген президент Ердоған әл-Акса мешітінің мәртебесі мен руханиятына қарсы арандатушылық пен қоқан-лоққыларға жол бермеу керектігін атап көрсетті.

Президент Ердоған Рамазан айы басынан бері Шерияның батысы мен әл-Акса мешітінде орын алған оқиғаларда 400-ден астам палестиналықтың жараланғаны және араларында балалар да бар 18 адамның опат болғаны туралы хабарлардың өкінішті екенін атап көрсетті.

Ердоған «Кеше және алдынғы күні таң намазынан кейін әл-Акса мешітіне фанат топтардың басып кіруі мен нәтижесінде жағымсыз оқиғалардың қайта басталуы және шиеленістің Газа секторына тарауы уайымдарымызды арттырды. Мерекелерді мерекелік көңіл-күймен өткізу керек кезде, кейбір радикалдардың кесірінен жыл сайын кездесетін бұл көріністер бүкіл Ислам әлемінде ар-ұжданды жаралап, орынды наразылықтар тудыруда» деді.

«Баршаңызды осы қасиетті орын (әл-Акса мешітінің) мен күндердің руханияты және қасиеттілігін сақтау үшін барынша күш салуға шақырғанымды қайталаймын» деген Ердоған Түркия ретінде кез-келген жағдайда бейбітшілік пен тыныштықты қамтамасыз ету үшін күш жұмсайтындарын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар