Түркия Сербияда мұқтаждарға 1 мың 500 азық-түлік пакетін таратты

Түркияның Сербиядағы елшілігінің ұйымдастыруымен жәрдем пакеттері 10 қалада таратылды.

1812640
Түркия Сербияда мұқтаждарға 1 мың 500 азық-түлік пакетін таратты

Түркия Дін істері басқармасы қоры (ТДҚ) мен орталығы Германиядағы Дін істері Түрік-Ислам Одағы (ДТИО) Сербияда жәрдемге мұқтаж 1 мың 500 отбасыға азық-түлік пакетін таратты.

Түркияның Сербиядағы елшілігінің Әлеуметтік жұмыстар жөніндегі кеңесшісінің ұйымдастыруымен жәрдем пакеттері 10 қалада, 13 бөлек орында таратылды.

Эртуғрул Джошкун, Белградтағы Түркия елшілігінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңесшісі Эртуғрул Джошкун «Жыл сайын болғандай биыл да Рамазан айында ТДҚ және ДТИО жәрдем бағдарламасы аясында азық-түлік пакеттерін Сербияның Белград пен Жаңа Пазар қалаларынан бастап, Бор, Ниш, Прешова, Прибой, Сженица, Тутин, Мали Зворник және Нови Сад қалаларындағы мұқтаж жандарға жеткізді» деді.

Джошкун «Қасиетті Рамазан айында рухани жағрапиямызды ұмытпаған қайырымды ағайындардың аманаттары тектес және діндес бауырларымызға сәлеммен жеткізілді, олар дұға бағыштап, жүздері күлімдеп қарсы алды. Алла Тағала көмектесетін барша қайырымдылардың ниеттерін қабыл етсін. Дүниеде жақсылықты үстем қылуға тырысатын және осы үшін езілгендердің жанында, оларды жалғыз қалдырмағандар қашанда бар болсын» деді.



Ұқсас жаңалықтар