Түркияда отандық инсулин өндіріледі

Бұл туралы Министр Кожа Twitter-дегі парақшасында жазба жариялады.

1812177
Түркияда отандық инсулин өндіріледі

Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа Түркия Дәрі-дәрмек және медициналық құрылғылар агенттігінің  компанияларды қант диабетімен ауыратындар үшін өміршең маңызды отандық инсулин өндіруге шақырғанын хабарлады.

Бұл туралы Министр Кожа Twitter-дегі парақшасында жазба жариялады.

"Инсулин Түркияда өндірілетін болады. Созылмалы ауру болып табылатын қант диабетінде өміршең маңызды инсулинді отандық түрде өндіру үшін қадам бастық. Түркияның Дәрі-дәрмек және медициналық құрылғылар агенттігі компанияларды осы жобаға шақырды. Коронавирусқа қарсы өз вакцинамызды шығарғаннан кейін инсулинді де өндіру уақыты келді» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар