Оразасын әскерлермен бірге ашты

Ауызашар жөнінде мәліметті Ердоған Twitter парақшасында бөлісті.

1812004
Оразасын әскерлермен бірге ашты

Президент Режеп Тайып Ердоған оразасын террормен күрес операциясында айтарлықтай табысқа жеткен Хаккаридің Юксекова ауданындағы 3-ші жаяу әскер дивизиясының қолбасшылығында ашты.

Асхананың кіреберісінде сарбаздарды қарсы алған президент Ердоған оқылған дұғадан кейін Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар, Түрік Қарулы Күштері  қолбасшылары және әскерлермен бірге оразасын ашты.

Ауызашар жөнінде мәліметті Ердоған Twitter парақшасында бөлісті.

"Бүгін  Түркия Қарулы Күштерінің қыымбатты мүшелерімен, түрік сарбаздарымен бірге Юксековадағы 3-ші жаяу әскерлер дивизиясының қолбасшылығында ауызашар дастарханында болдық. Алла Тағала әрбір сарбазымыздан разы болсын, әрқайсысына амандық берсін және олар  әрқашан жеңіске жетсін» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар