Türkiye Украина халқының қайғысына ортақ

Türkiye Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жариялады.

1807814
Türkiye Украина халқының қайғысына ортақ

Украинаның бас қаласы Киевтің маңындағы Буча және Ирпин аймақтарында бейбіт халықтың өлтірілуіне байланысты көріністерге орай Türkiye мәлімдеме жасады. 

Türkiye Сыртқы істер министрлігі «Киев маңындағы Буча және Ирпин аймақтарынан баспасөзге шыққан қырғын көріністері адам баласы атынан өте қайғылы нәрселер» деп мәлімдеп, Украина халқының қайғысына ортақ екенін білдірді.

«Жазықсыз халықтың нысанаға алынуы ешқашан қабылданбайды. Тақырыптың тәуелсіз тергеуге салынып, жауаптыларының анықталуы және есеп беруі қамдалуы қажет» деп айтылған мәлімдемеде Türkiye-нің адам баласына жат осындай көріністердің доғарылуы және тез арада бейбітшілікті орнату үшін жұмыстарын жалғастыратыны білдірілді.

Киев маңындағы Буча қаласын орыс күштерінен 1 сәуір күні азат еткен Украина әскері ғимараттары қираған,  көшелері мәйіттерге толы қаламен кездескен еді. Киев маңындағы азат етілген елді мекендерде 410 адамның мәйіті табылды.



Ұқсас жаңалықтар