«TRT Français» атты жаңа цифрлық жаңалықтар платформасы құрылды

TRT Français бүгін эфирін бастайды.

1807589
«TRT Français» атты жаңа цифрлық жаңалықтар платформасы құрылды

Хабар тарататын тілдер санын арттырумен қатар түрлі елдерде тиімді журналистиканы дамытуды   мақсат еткен Тürkiye Телерадио Корпорациясы (TRT) француз тілінде хабар тарататын «TRT Français» атты жаңа цифрлық жаңалықтар платформасын құрды.

Түркияның үнін әлемге танытуды мақсат еткен органның TRT World, TRT Arabic, TRT Russian және TRT German-нан кейінгі  жаңа цифрлық хабар платформасы TRT Français бүгін эфирін бастайды.

«Trtfrancais.com» сайтында саясат, экономика, мәдениет және өмір туралы жаңалықтар мен түрлі контент жариялайтын жаңа цифрлық  платформа дүние жүзіндегі француз тілді 28 елге таралған кең аудиторияны қамтуды көздейді.

TRT Français сапалы және оригинал журналистика түсінігімен 7/24 цифрлық журналистика қызметін ұсынады.

Платформа бүкіл әлемдегі француз тілінде сөйлейтін оқырмандарына әртүрлі мазмұнда жаңалықтардан мақалаларға, сұхбаттардан бейне роликтерге дейін материал жариялау арқылы жылдам, дәл және ашық журналистиканы таныстыруды мақсат етеді.

TRT бас директоры Проф. Др.  Мехмет Захид Собажы TRT Français-тің басқа халықаралық платформалар сияқты  бейтараптық пен әділеттілік қағидаттарын сақтайтынын білдірді.

"Біз ғаламдық оқырмандарымызды орталықта ұстай отырып, жаңалықтарды барынша теңгерімді түрде жеткізуді жалғастырамыз. Қоғамдық хабар таратушы ретінде біз оқырмандарды сенімді ақпаратпен және шабыттандыратын мазмұнмен қамтамасыз етуді жалғастырамыз." деді ол.

Әсіресе Тürkiye-ге қарсы шетелде жалған ақпарат тарату және жала жабу әрекеттеріне қарсы бұрынғыдан да дәл, сенімді  ақпарат көздеріне мұқтаждық бар екенін атап көрсеткен Собажы: «TRT Français осы қажеттілікті қанағаттандыру үшін дұрыс уақытта хабар тарата бастайды. Жолы ашық болсын» деді.

ТРТ бас директорының халықаралық хабарларға жауапты орынбасары Өмер Фарук Танрыверди ниеттерінің шындықты жариялау екенін және осы мақсатта дүние жүзіндегі ана тілі  французша болып табылатын 76 миллион кісі мен француз тілінде  сөйлейтін 274 миллион оқырманға қызмет көрсетуді мақсат еткендерін баса айтты.

TRT-тің басқа халықаралық платформалары сияқты TRT Français де «trtfrancais.com» веб-сайтынан бөлек YouTube, Facebook, Twitter және Instagram сияқты басқа желілерде контент жариялайды.



Ұқсас жаңалықтар