Октайдан Кипр түріктерімен ынтымақтастық хабарламасы

Фуат Октай Кипр түріктеріне қарсы 1955 жылы зорлық-зомбылық жасаған террор ұйымы EOKA-ға қарғыс айтты.

1805829
Октайдан Кипр түріктерімен ынтымақтастық хабарламасы

Вице-президент Фуат Октай 1955 жылы 1 сәуір күні Кипр түріктеріне қарсы қарулы әрекеттерді бастаған террор ұйымы EOKA-ға қарғыс айтты.

Октай әлеуметтік желідегі аккаунтынан жасаған хабарламасында «Осыдан 67 жыл бұрын қолдарына мылтық, жүректерінде зұлымдық ұстап азапқа толы кезеңді бастаған «Enosisist EOKA» террор ұйымына қарғыс айтып, қаһарман шейіттерімізді Алланың рақымымен еске аламын. Бұрын болғандай қазір де Кипр түріктерімен бірге санасы түнектен құтыла алмағандарға қарсы иық тірестіріп күресеміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар