Чавушоғлу Украинадағы түрік азаматтарына тоқталды

Министр Чавушоғлу "Украинада қазір 87 азаматымыз бар" деді.

1805709
Чавушоғлу Украинадағы түрік азаматтарына тоқталды

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Украинада 87 түрік азаматының болғанын білдіріп, "Атысты тоқтату және түбегейлі бейбітшілікті орнату үшін талпыныс көрсетудеміз. Әсіресе гуманитарлық коридордың ашылуы тақырыбында Мариуполь қаласында қатты қиыншылық шектік. Мылтықтың даусы тоқталғаннан кейін біраз жақсы боллы" деді. 

Чавушоғлу Колумбия Вице-президенті және Сыртқы істер министрі Марта Лусия Рамиреспен астана Анкарада кездескеннен кейін мәлімдеме жасады. 

Министр Чавушоғлу БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасы (OCHA), Халықаралық Қызыл крест комитеті (ICRC) және Түрік Қызыл жарты ай қоғамының соғыс майданында болуы тақырыбында Türkiye-нің Ресей және Украинамен байланыс жасағанын айтты. 

Чавушоғлу "Әсіресе ICRC-ті Мәскеуге де жібердік. Мылтықтың даусы тоқтағаннан кейін азаматтарымыздың шығуы тіпті оңай болды. Осы барыста Халықаралық Қызыл крест комитеті мен  Түрік Қызыл жарты ай қоғамының автобустаырмен кейбір азаматтарымыз шықты" деп көрсетті. 

Министр Чавушоғлу "Украинада қазір 87 азаматымыз бар" деген сөздер қолданды. 

Чавушоғлу Украина мен Ресей делегацияларының Стамбулдағы кездеслерінің сәтті өткенін білдірді. 

 



Ұқсас жаңалықтар