"Ресей мен Украина жоғары деңгейде келіссөздер жүргізуі мүмкін"

Чавушоғлу Түркияның Ресей мен Украина арасында тұрақты атысты тоқтату үшін бәрін жасап жатқанын түсіндірді.

1805153
"Ресей мен Украина жоғары деңгейде келіссөздер жүргізуі мүмкін"

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Ресей мен Украинаның бір-екі аптаға дейін жоғары деңгейлі кездесу өткізуі мүмкін екенін мәлімдеді.

Мевлүт Чавушоғлу жекеменшік телеарнаның тікелей эфирінде күн тәртібіне байланысты мәлімдеме жасады.

Чавушоғлу Түркияның Ресей мен Украина арасында тұрақты атысты тоқтату үшін қолынан келгеннің бәрін жасап жатқанын түсіндірді.

Стамбулда алдыңғы күні жүргізілген келіссөздердің жалғасы ретінде сыртқы істер министрлері деңгейінде кездесу өткізілуі мүмкін екенін атап көрсеткен Чавушоғлу «Бұл кездесу 1-2 аптаға дейін болуы мүмкін, егер де келіссе көшбасшылар деңгейінде кездесуге болады» деді.

Чавушоғлу «(кепілгер ел мәртебесінде) Түркия дереу соғысқа (Украинада) кіреді, Түркия ол жерге әскер жібереді деген пайымдар дұрыс емес» деді.

Израиль премьер-министрі Нафтали Беннеттің мамыр айының ортасында Түркияға келетінін жариялаған Чавушоғлу «Бұл аймақтағы (Жерорта теңізі) табиғи газдың Түркиядағы құбыр желілеріне қосылып, Еуропаға бағытталуы маңызды. Дегенмен оны өте қысқа мерзімде жүзеге асыру қиын» деді.

24 ақпан күні Ресей мен Украина арасында басталған соғыстан кейін Түркияның Ресейден сатып алған табиғи газ мөлшерінің 50 пайыздан 40 пайыздың астына төмендегенін білдірген министр Чавушоғлу «Бүкіл әлем табиғи газ ізденісін жалғастыруда. Ең дұрысы – жаңартылатын энергияға бет бұру. Ресейден газ жеткізуде проблема жоқ. Бітімгерлік жасап отырған кезде санкцияларды қолдауымыз мүмкін емес, сондықтан барша бізді түсінді» деді.

Чавушоғлу НАТО мен Еуроодақ ішінде «Түркияға қатысты (қорғаныс) шектеулерді алып тастайық» деген көзқарастың басым бола бастағанын атап көрсетті.

Министр Чавушоғлу Сауд Арабиясымен қарым-қатынастарды қалыпқа келтіру үшін маңызды қадамдар жасалып жатқанын да білдірді.



Ұқсас жаңалықтар