Муглада 84 босқын құтқарылды

Грекия өлімге итермелеген 84 босқынды Түрік Жағалау қауіпсіздік күштері құтқарды.

1804376
Муглада 84 босқын құтқарылды

Жағалау қауіпсіздік қолбасшылығы жасақтары Мугланың Даламан, Дикили және Мармарис ауданы су айдындарында бір топ босқын бар екені жөнінде ақпарат алды. Аймаққа Жағалау қауіпсіздік қайығы жіберілді.

Қауіпсіздік күштері Грекия Жағалау қауіпсіздік қызметкерлері тарапынан Түркия су айдынына кері қайтарылған үрлемелі қайықтағы заңсыз 84  босқынды құтқарып, құрлыққа шығарды.

Босқындар тексеруден өткеннен кейін Уәлаят миграция (Көші-қон) басқармасына жолданды.

 



Ұқсас жаңалықтар