Акар Доха форумында сөз сөйледі
Хулуси Акар Катарда ұйымдастырылған Доха форумы 2022-нің "Стратегиялық Одақтастықтың дамыған көрінісі" тақырыпты панелде сөз сөйледі.

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Түркияның НАТО-ның белсенді және сындарлы мүшесі болуды жалғастыратынын айтты.
Хулуси Акар Катар астанасы Дохада ұйымдастырылған Доха форумы 2022-нің "Стратегиялық Одақтастықтың дамыған көрінісі" тақырыпты панелде сөз сөйледі.
Сөзінде Түркияның НАТО аясындағы ролі мен Ресей-Украина соғысына тоқталған Акар Түркияның НАТО-ға, одақтастарына, достарына және ортақтарына қарата өз жауапкерліктерін толық орындағанын атап айтты.
Хулуси Акар:
"Түркия аймақта және әлемде бейбітшілікке, қауіпсіздікке, ынтымақтастық пен көршілік байланыстарға есе қосуда. Бұған ешкім күдіктенбесін. Түркия Балканнан Орталық Азияға, Ауғанстанға және Кавказдан Африкаға дейін НАТО-ның белсенді және сындарлы мүшесі болуды жалғастырады" деді.
Президент Режеп Тайып Ердоғанның басынан бері Ресей мен Украина лидерлерімен, түрік министрлер мен лауазымдылардың украиналық және ресейлік әріптестерімен хабарласып отырғанын айтан Акар:
"Басты міндет шұғыл атысты тоқтату және халықты ол жерден шығару" деді.
Министр Хулуси Акар:
"Түркияға 60 мың украиналық келді. Украинадан 16 мың түрік текті және 13 мың басқа ел азаматтары елдеріне жолданды" деді.
Ұқсас жаңалықтар

"Абдулхамит Хан" бұрғылау кемесі әлем баспасөзінде кең орын алды
Көмірсутегі іздеу жұмыстарында пайдаланылатын "Абдулхамит Хан" бұрғылау кемесі әлем назарын аударды.