Ердоған НАТО лидерлер саммитін бағаландырды

Ердоған: "Түркия қорғаныс өнеркәсібі өнімдеріне одақтастарымыз тарапынан қойылған кедергілердің жойылуы бәрімізге пайдалы" деді.

1801514
Ердоған НАТО лидерлер саммитін бағаландырды

Президент Режеп Тайып Ердоған Бельгия астанасы Брюссельде ұйымдастырылған НАТО кезектен тыс Лидерлер саммитін бағалады.

Президент Режеп Тайып Ердоған НАТО саммиті үшін барған Бельгия астанасы Брюссельде 24 ақпанда басталған Ресейдің Украинаға соғысы жайлы:

"Соңғы шешімнің Ресей мен Украина және халықаралық қоғам қабылдайтын үлгідегі шешім болуы керектігін ойлаудамын" деді.

Президент Режеп Тайып Ердоған:

"Еуропа елдерін қамтыған баршаның еліне келген босқындарды қолдауы, қиыншылықтарын жеңілдетуі үшін қолынан келгенді жасауы керек" деп көрсетті.

Ердоған НАТО-ның қазіргі соғыс ортасында Украинаға саяси және метариалдық қолдауын жасаған кезде шындықты негіз етуі және стратегиялық бейімділік көрсетуі шарт екенін айтты.

Түркияның одақтастық ұйымшылдық негізінде НАТО-ның бетін қайтару және қорғаныс шараларына есе қосуды жалғастыратынын айтқан Ердоған:

"Одақтастарымыздан да осындай ұйымшылдықты күтеміз" деді.

Президент Түркия қорғаныс өнеркәсібі өнімдерінің табыстары айқын екенін, осы салада Түркия дөп келген кедергілердің ешқандай сылтауы болмағанын тілге тиек етті.

Президент Режеп Тайып Ердоған:

"Түркия қорғаныс өнеркәсібі өнімдеріне одақтастарымыз тарапынан қойылған кедергілердің жойылуы бәрімізге пайдалы" деді.

"Одақтастар арасында ашық және жасырын эмбарголар қоюды былай қойғанда, күн тәртіпке де келмеуі қажетті" деген Ердоған:

"Осы тақырыптағы үмітімізді лидерлермен бөлістім" деді.

"БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің бүгінгі жағдайда жаһандық қауіпсіздікке реформа жасауы керек" деп көрсетті президент Ердоған.

Ресей және Украина президенттерімен кездесулер жалғасқанын айтқан Ердоған:

"Екі лидердің басын қосуға талпынудамыз. Мақсатымыз бейбітшілік ортасын қалыптастыру" деді.



Ұқсас жаңалықтар