Вице-президент Наурыз мерекесімен құттықтады

Фахреттин Алтун да 21 Наурыз мерекесімен құттықтады.

1799064
Вице-президент Наурыз мерекесімен құттықтады

Вице-президент Фуат Октай Наурыз мерекесіне орай құттықтау жариялады.

Октай әлеуметтік желіде «Көктемнің хабаршысы, молшылық пен берекеттің символы Наурыз елімізге және әлемімізге, адам баласына сонша қажетті тыныштық пен бейбітшілік алып келуін тілеймін» деп жазды.

Президенттік аппараттың Коммуникация басқармасы басшысы Фахреттин Алтун да 21 Наурыз мерекесімен құттықтады. «Берекет, молшылық, бірлік және бейбітшілікпен келсін. Наурыз мерекесі жақсылыққа жетелесін» деп жазды ол.



Ұқсас жаңалықтар