Айважык ауданында 33 босқын құтқарылды

Қауіпсіздік күштері үрлемелі қайықтағы заңсыз 33 босқынды құтқарып, құрлыққа шығарды.

1796488
Айважык ауданында 33 босқын құтқарылды

Чанаккаленің Айважык  ауданында Грекия Жағалау қауіпсіздік қызметкерлері тарапынан Түркия су айдынына кері қайтарылған 33 босқын құтқарылды.

Жағалау қауіпсіздік қолбасшылығы жасақтары Айважык  ауданы маңында үрлемелі қайықта босқындар бар екені жөнінде ақпар алды. Аймаққа Жағалау қауіпсіздік қайығы жіберілді.

Қауіпсіздік күштері үрлемелі қайықтағы заңсыз 33 босқынды құтқарып, құрлыққа шығарды.

Босқындар тексеруден өткеннен кейін Уәлаят миграция (Көші-қон) басқармасына жолданды.

 



Ұқсас жаңалықтар