3-ші «Жақсылық пойызы» Ауғанстанға жетті
Түркиядан келген көмек қолы «Жақсылық пойызы» Ауғанстанға жетті.
Апат және төтенше жағдайларды басқару президенттігінің (AFAD) координациясымен Түркиядағы әртүрлі үкіметтік емес ұйымдармен бірге ұйымдастырылған 3-ші «Жақсылық пойызы» Ауғанстанға жетті.
Астана Анкарадан 25 ақпанда жолға шыққан 994 тонна гуманитарлық жүк тиелген пойыз Түркіменстан шекарасындағы Тургунды шекара қақпасы арқылы Ауғанстанға кірді.
Тургунды шекара қақпасында ұйымдастырылған рәсімде сөз сөйлеген AFAD Халықаралық гуманитарлық көмек тобы төрағасы Бурхан Аслан 3-ші «Жақсылық пойызында» көрпе-жастық, киім-кешек және тұрмыстық бұйымдардың болғанын айтты.
Аслан 7 ақпанда Ауғанстанға барған 1-ші "Жақсылық пойыз" жәрдем пакетінің таратылғанын және 2-ші "Жақсылық пойыз" жәрдем бұйымдарының таратылуының тамамдалуға аз қалғанын атап өтті.
Түркия, Иран, Түркіменстан территорияларынан өтіп, Ауғанстанған жеткен "Жақсылық пойыз" 4 мың 168 километр жол жүрді.