Катарлық дипломат түрік лауазымдыларға ризашылығын білдірді

Катарлық дипломат Лулве әл-Хатыр түрік лауазымдыларға риза екенін тілге тиек етті.

1794897
Катарлық дипломат түрік лауазымдыларға ризашылығын білдірді

Катар Сыртқы істер министрлігі баспасөз хатшысы Лулве әл-Хатыр Анталия дипломатия форумында танысқан түрік лауазымдыларына риза екенін тілге тиек етті.

Әл-Хатыр Твиттерден жасаған түрік тіліндегі хабарламасында «Анталия дипломатия форумына қатысу кезінде бауырым (Сыртқы істер министрінің орынбасарлары) Седат Үнал және бауырым Явуз Селим Кыранмен танысқаныма өте қуаныштымын» деді.

«Екі бауырлас халық пен ел арасындағы туысқандық қарым-қатынастың тереңдігіне» назар аударған әл-Хатыр лауазымдыларға ынтымақтастықты одан әрі дамытуды қалағандарын атап көрсетті.

Катар ақпарат агенттігі әл-Хатырдың Анталия дипломатия форумындағы қызметі аясында Кыран және Үналмен бөлек өзара кездесулер өткізгенін хабарлаған еді.

Әл-Хатыр форумда басқа да кездесулер өткізді.



Ұқсас жаңалықтар