Шекарада түріктің жылжымалы ауруханасы жұмыс істеп тұр

Дәрігерлер түрік азаматтарымен қоса украиндықтарға да қызмет көрсетуде.

1792475
Шекарада түріктің жылжымалы ауруханасы жұмыс істеп тұр
Turk sahra hastanesi ukrayna siniri2.jpg
Turk sahra hastanesi ukrayna siniri1.jpg
Turk sahra hastanesi ukrayna siniri.jpg

Румыния-Украина шекарасындағы Сирет шекара қақпасында құрылған түрік далалық ауруханасында эвакуацияланған түрік азаматтарымен бірге мәжбүрлі көші-қон жолындағы көптеген украиналық емделді.

Украинадан эвакуацияланған түрік азаматтарын тексеру үшін Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық Медициналық Құтқару (UMKE) қызметкерлері құрған жылжымалы ауруханасы украиналық соғыс құрбандарын емдейтін денсаулық орталығына айналды.

Пойыз және автобуспен 35-40 сағаттық жолдан кейін шекараға жеткен соғыс құрбандарына жанашырлық қолын созып, 7 күн бойынша қызметін жалғастырған далалық госпитальда мәжбүрлі көші-қон жолындағы көптеген украиндық емделді.

Түрік азаматтары ауруханада медициналық тексеруден өткен соң сапарын жалғастырды.

Аурухананың жауапты дәрігері Эмрах Ары 2 жедел жәрдем маманы, 2 жедел медициналық қызметкер және 6 көмекші медициналық қызметкер тағайындалғанын айтты. Ары ең көп ұзақ жол және суық ауа райына байланысты жоғарғы тыныс жолдарының инфекциясы мен температура шағымдармен кездескендерін айтты.

Соғыс аймағында жарылған бомбалардың қысым әсерінен жараланғандарға да ем қолданғандарын айтқан Ары Украинаның астанасы Киевтегі үйінен кетуге мәжбүр болған 7 айлық сәби мен анасын емдеп шыққандарын білдірді.

Осы аймақтағы жалғыз аурухана түрік тің осы жылжымалы ауруханасы болып табылады.



Ұқсас жаңалықтар