Ердоған орыс өнеріне жасалған шабуылды айыптады
Президент Ердоған: "Соғыстың жеңімпазы болмайды" деді.

Президент Режеп Тайып Ердоған орыс халқына, әдебиетіне, өнерпаздарына бағытталған санкцияларға наразылық көрсетті.
Әділет және даму партиясының төрағасы Ердоған партиясының ТҰҰМ тобындағы жиналысында сөз сөйледі.
Сөзінде Ресей мен Украина соғысына тоқталған Ердоған бейбіт халықты дініне, тегіне, нәсіліне қарай бөлген бір сананың адамгершілікке де, өркениетке де жатпайтынын білдірді.
Батыс әлемінің қоғамды рак клеткасы сияқты зақымдаған нәсілшілдік дертімен бетпе-бет келуі шарт екенін айтқан Ердоған:
"Украинаға ие шықпағандары сияқты, орыс халқына, әдебиетіне, студенттеріне, өнерпаздарына бағытталған сайтан қуалауға ұқсаған әрекеттерін қабылдамаймыз. Германиядағы филармония оркестрінің дирижері Ресей президенті Путиннің досы болғандығы себепті жұмыстан шығарылған, бұл қандай аяусыздық? Италияда, Еуропа елдерінде Достоевский шығармалары шектелуде. Ғасырымыздың осы кезеңінде мұндай жағдайларды көру, бастан кешіру шынында біз саясатшыларды қатты мазалайды. Осы фашистік әрекеттер, жақсы мен жаманды араластыру, жек көру мен өшпенділікті асқындыру орынсыз теңсіздіктер туғызу арқылы Украина халқының заңды күресіне көлеңке түсіруде" деді.
Түркияның аймақтағы дағдарыстар алдында алғашқы күннен бері сабырлы болғанын, принципті және саналы ұстаным көрсеткенін тілге тиек еткен Ердоған:
"Еліндегі соғыс пен зұлымдықтан қашып, қақпамызға келген адамдардың ешқайсысының тіліне, дініне, түсіне қарамадық. Ұлтымыз адамзат сынағынан тағы да табыспен өтті" деп көрсетті.
Ресей мен Украина арасындағы дағдарыстың соғысқа айналуына уайымдағанын айтқан Ердоған:
"Соғыстың жеңімпазы болмайды" деді.