Калын Ушаков және Салливанмен телефонда сөйлесті

Калын басшылармен Ресей мен Уркаина арасындағы соғысты қамтыған аймақтық тақырыптарды қолға алды.

1787227
Калын Ушаков және Салливанмен телефонда сөйлесті

Президенттік аппараттың Коммуникация басқармасы төрағасы Ибрахим Калын Ресей президенті Владимир Путиннің Сыртқы саясат жөніндегі кеңесшісі Юрий Ушаковпен телефонда сөйлесті.

Президенттік аппараттың Коммуникация басқармасынан жасалған мәлімдемеде Калын мен Ушаковтың Украинадағы соғыс және Ресей мен Уркаина арасындағы келіссөздерді талқылағаны білдірілді.

Дипломатиялық талпыныстардан нәтиже шығуы және атысты тоқтату келіссөздерінің табысты болуы аймақтың бейбітшілігі мен тұрақтылығы тұрғысынан маңызды екені айтылған кеңесте қақтығыс пен дағдарыс ортасын оңау үшін ортақ талпынуға келісімге келінді.

Президенттік аппараттың Коммуникация басқармасы төрағасы Ибрахим Калын Америка Құрама Штаттарының Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливанмен де телефонда сөйлесті.

Телефондағы әңгімеде екі басшы Ресей мен Уркаина арасындағы соғысты қамтыған аймақтық тақырыптарды қолға алды.

Ресей 24 ақпанда Украинаға соғыс ашты.



Ұқсас жаңалықтар