Ресей-Украина арасындағы кездесу өте маңызды

Президент орынбасары Фуат Октай Ресей мен Украина арасында өткізілетін кездесудің өте маңызды екенін айтты.

1786853
Ресей-Украина арасындағы кездесу өте маңызды

Президент орынбасары Фуат Октай Ресей мен Украина арасында өткізілетін кездесудің өте маңызды екенін айтып "Осы аяда Түркия әртүрлі жәрдем беруде" деді. 

Фуат Октай Twitter-дегі парақшасында тәуелсіз және егемен бір ел болған Украинаның территория тұтастығын нысанаға алған жаулау әрекетінің халықаралық құқыққа қайшы екенін және әсте қабылдауға болмайтынын түсіндірді. 

Президент Режеп Тайып Ердоғанның басшылығында Түркияның құқықсыз және заңсыз соғыстың тезірек тоқтауына бағыталған талпыныстарының жан-жақтылы жалғасқанын білдірген Октай былай деді: "Екі тарап арасында өткізілетін келіссөздер өте маңызды. Осы аяда Түркия әртүрлі жәрдем беруде. Түркияның гуманитарлық көмектері жалғасуда". 

 



Ұқсас жаңалықтар