Ердоған: "Ресей шабуылы - аймақ бейбітшілігіне ауыр соққы"

Президент Ердоған: "Ресей мен Украина арасындағы мәселелердің Минск келісімі аясында диалог жолымен шешілуі шақырумызды қайталаймын" деді.

1784598
Ердоған: "Ресей шабуылы - аймақ бейбітшілігіне ауыр соққы"

Президент Режеп Тайып Ердоған:

"Ресейдің Украинаға операция жасау қадамы - аймақтық тұрақтылыққа ауыр соққы" деді.

Президент Режеп Тайып Ердоған астана Анкарадағы Президенттік сарайда Халықаралық Демократтар Одағы делегациясына баяндама жасады.

Ердоған Ресейдің Украинаға әскери килігуіне байланысты:

"Өз азаматтарымыз бен татар бауырластарымызды қамтыған Украинада тұратын баршаның жан амандығын сақтауда өз борышымызды өтейміз. Әскери операцияны қабылдамаймыз және қарсы шығамыз. Халықаралық құқыққа қайшы деп қараған осы қадам аймақтағы бейбітшілік, тыныштық пен тұрақтылыққа жасалған ауыр бір соққы" деп көрсетті.

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркия Украинаның территория тұтастығын қорғау күресін қолдайтынын білдіріп:

"Осы тұғырымызды телефонда сөйлескен президент Зеленскийге жеткіздім" деді.

Президент Ердоған:

"Ресей мен Украина арасындағы мәселелердің Минск келісімі аясында диалог жолымен шешілуі шақырумызды қайталаймын" деді.



Ұқсас жаңалықтар