Ауғанстанға жеткізілген көмектер тапсырылды

Шейіттер мен мүгедектер министрлігіне 149 мүгедек арбасы тапсырылды.

1783127
Ауғанстанға жеткізілген көмектер тапсырылды

Түркиядағы әртүрлі үкіметтік емес ұйымдардың қолдауымен Апат және төтенше жағдайларды басқару төрағалығының (AFAD) үйлестіруімен көмек материалдарын тасымалдаған «Игілік пойызы» Ауғанстанға барып жетті.

Ауғанстанға жіберілген көмек пакеттерін тарату істері басталып кетті. Осы аяда  Шейіттер мен мүгедектер министрлігіне 149 мүгедек арбасы тапсырылды.

Министрліктегі материалдарды тапсыру рәсіміне Түркияның Ауғанстан елшілігінің әскери атташесі полковник Синан Уяр, Талибан әкімшілігінің Шейіттер және мүгедектер министрлігі логистика менеджері Кари Шеритулла Хабабил және Түрік Қызыл жарты ай қоғамының қызметкері Адем Каракая қатысты.

Уяр салтанатты жиында сөйлеген сөзінде Ауғанстан халқының жанында екендерін көрсету үшін барлық гуманитарлық көмекті «Игілік пойызымен» Ауғанстанның әр түкпіріне жеткізгендерін атап өтті.

Талибан әкімшілігінің Шейіттер және мүгедектер министрлігі логистика менеджері Хабабил мұқтаж Ауғанстан халқына көмек жіберген Түркияға алғыс айтты.

Талибан мен бұрынғы үкімет арасындағы қақтығыстардың бірінде жараланып, бүгін жүре алмай қалған Сүпхан Меликзаде қаржылық жағдайының нашарлығына байланысты мүгедектер арбасын сатып ала алмағанын айтып, Түркияға алғыс білдірді.

Басқа жақтан Түркияның Ауғанстандағы елшілігінің діни қызмет атташесінің орынбасары Микаил Акбога бастаған делегация Талибан әкімшілігінің Қажылық министрлігіне мешіттер мен медреселерде қолданылатын 1000-ға жуық кілем мен жайнамаз жеткізді.



Ұқсас жаңалықтар