ПКК мүшесі 16 террорист залалсыздандырылды

Сирия мен Ирактың солтүстігінде жалпы 16 террорист залалсыздандырылды.

1781769
ПКК мүшесі 16 террорист залалсыздандырылды

Ирактың солтүстігінде бөлшектеуші террористік ұйым ПКК мүшесі 2 террорист залалсыздандырылды.

Ұлттық Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде:

"Ирактың солтүстігіндегі Метина аймағында анықталған бөлшектеуші террористік ұйым ПКК мүшесі 2 террорист Әуе Күштері жасақтары тарапынан залалсыздандырылды. Түрік Қарулы Күштері соңғы террорист жойылғанға дейін операцияларды батылдықпен жалғастырады" деп көрсетілді.

Ұлттық Қорғаныс министрлігінен алдында жасалған мәлімдемеде Сирияда "Зәйтүн бұтағы" мен "Евфрат қалқаны" операция аймақтарында айтақтау мақсатымен оқ атқан PKK/YPG мүшесі 14 террористің залалсыздандырылғаны білдірілген болатын.



Ұқсас жаңалықтар