PKK/YBŞ-нің арнайы күштер жауапкері залалсыздандырылды

Ұлттық барлау ұйымы (ҰБҰ) террористтің көлігіне операция жасады.

1769742
PKK/YBŞ-нің арнайы күштер жауапкері залалсыздандырылды

Ұлттық барлау ұйымы (ҰБҰ) Ирактың Синджар аймағына бағытталған операциясымен террор ұйымы PKK/YBŞ-нің арнайы күштер жауапкері «Азад» лақапты Силеман Шемо Юсуфты залалсыздандырды.

Қауіпсіздік көздеріне қарағанда PKK/KCK бақылауындағы Синджардың Баб Шило аймағында террорист Силеман Шемо Юсуф мінген көлікке ҰБҰ тарапынан операция жасалды.

Оқпен дәлдеп атылған көліктегі террористің залалсыздандырылғаны хабарланды.

YBŞ басшысы және PKK террор ұйымы мүшесі «Сейит» лақапты Хасан Саид Хасан тамыз айында ҰБҰ-ның сәтті операциясымен Синджарда залалсыздандырылған болатын.



Ұқсас жаңалықтар