Чавушоғлу Путиннің сапары туралы мәлімдеді

Кремль Путиннің Түркияға Пекин Олимпиада ойындарынан кейін келетінін хабарлады.

1769411
Чавушоғлу Путиннің сапары туралы мәлімдеді

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Ресей президенті Владимир Путиннің Түркияға Пекин Олимпиада ойындарынан кейін келетінін білдірді. 

Чавушоғлу Орталық Африка Республикасы Сыртқы істер министрі, Франкофония және Шетелдегі Орталық Африкалықтар министрі Сильви Байпо Темон бас қала Анкарадағы кездесуінің артынан Темонмен ортақ баспасөз мәслихатын өткізді. 

Кездесуде Чавушоғлу президент Режеп Тайып Ердоғанның Түркияға шақыруын қабылдаған Путиннің сапарына қатысты келесі мәліметтерді бөлісті: «Стратегиялық ынтымақтастық кездесуі үшін Ердоған Путинді Түркияға шақырды. Қаңтар айы келіспеді. Кремль Путиннің Пекин Олимпиада ойындарынан оралған соң күнтізбе белгіленетінін жариялады». 

Чавушоғлу Ресей-Украина шиеленісіне қатысты «Ойымызды көп рет бөлістік. Мұндай шиеленістің қақтығысқа айналмауы керектігін айттық. Тілегіміз осы келіссөздің жалғасуы» деді. 

Армениямен басталған және Әзербайжанның қолдауымен қалыпқа келу үдерісінің сенім арттыратын қадамдарының жалғасып жатқанын атап көрсеткен Чавушоғлу бұл аяда Түркия мен Арменияның арнайы өкілдерінің Ресейдің бас қаласы Мәскеуде бас қосқанын еске салды. 

Чавушоғлу арнайы өкілдердің байланыста екенін, келесі отырыстың қашан және қайда болатынына бірге шешім қабылдайтындарын тілге тиек етті.

Анталия дипломатия форумына шақырылған Армения Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоян және Арменияның арнайы өкілі Рубен Рубинянның форумға келетінін білдірген Чавушоғлу «Сенім арттыратын қадамдарға үлес қосатын бір жаңалық» деді.



Ұқсас жаңалықтар