Түркия Ирак Мәжіліс төрағасының резиденциясына жасалған шабуылды айыптады

Сыртқы істер министрлігі Ирактағы лаңкестік шабуылмен байланысты мәлімдеме жасады.

1768659
Түркия Ирак Мәжіліс төрағасының резиденциясына жасалған шабуылды айыптады

Түркия Ирак Өкілдер Мәжілісі төрағасы Мұхаммед әл-Халбусидің резиденциясына жасалған лаңкестік шабуылды айыптады.

ТР Сыртқы істер министрлігі аталмыш террор шабуылын айыптау туралы мәлімдеме жасады.

Мәлімдемеде «Ирак Өкілдер Мәжілісінің төрағасы Мұхаммед Халбусидің Анбар провинциясындағы резиденциясына жасалған террор шабуылын қатаң түрде айыптаймыз» делінді.

Шабуылдаушылардың ең қысқа уақытта ұсталып, құқық органдарына тапсырылуна тілек білдірілген мәлімдемеде Түркияның террормен күресін табанды түрде жалғастырған Иракқа қолдауын жалғастыратыны баса айтылды.

Ирак Өкілдер Мәжілісінің төрағасы Халбусидің Анбарға қарасты Гарма ауданындағы резиденциясына кеше жасалған зымыран шабуылында екі адам жарақат алған болатын.



Ұқсас жаңалықтар