Шентоп СКТР Премьер-министрін құттықтады
ТҰҰМ төрағасы Мұстафа Шентоп СКТР премьер-министрі Фаиз Суджуоғлумен телефон арқылы сөйлесті.
1768820

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) төрағасы Мұстафа Шентоп Солтүстік Кипр Түрік Республикасындағы (СКТР) ерте сайлауға байланысты премьер-министр және Ұлттық бірлік партиясы (UBP) төрағасы Фаиз Суджуоғлумен телефон арқылы сөйлесті.
Шентоп Солтүстік Кипр Түрік Республикасы Премьер-министрі Суджуоғлуды сайлау нәтижелері үшін құттықтап, қорытындының Солтүстік Кипр Түрік Республикасына құт әкелуін тіледі.
Ұқсас жаңалықтар

Ердоған Мицотакиске қатаң наразылық көрсетті
Президент Режеп Тайып Ердоған Кабинет жиналысынан кейін мәлімдеме жасады.

Шұғыл жаңалық
Президент Режеп Тайып Ердоған: "Мен үшін бұдан былай Кирякос Мицотакис деген адам жоқ" деді.