Вице-президент СКТР-да өткен сайлау туралы хабарлама жасады
Октай: "Демократиялық ортада өткен сайлау процесі соңында сайланған депутаттарды құттықтаймын".
1767780

Вице-президент Фуат Октай Солтүстік Кипр Түрік Республикасында (СКТР) өткен ерте сайлау қорытындысының саяси партиялар мен кипрлік түріктерге құт әкелуін тіледі.
Октай Твиттер аккаунтынан жасаған хабарламасында «СКТР-ндағы сайлау қорытындысы саяси партиялар мен кипрлік түріктерге құт әкелсін. Демократиялық ортада өткен сайлау процесі соңында сайланған депутаттарды құттықтаймын, Түркия мен СКТР арасындағы бірлікті нығайта отырып, СКТР-ның дамуы үшін атқарылатын жұмыстарға сәттілік тілеймін» деді.
Ұқсас жаңалықтар

TRT бас директорынан Еуропа хабар таратушыларына шақыру
TRT бас директоры Собажы Еуропалық хабар таратушыларды терроризмге қарсы тұруға шақырды.