Шентоп Үндістанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Мұстафа Шентоп Үндістан халқына бейбітшілік, тыныштық және бақыт тіледі.

1768059
Шентоп Үндістанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Мұстафа Шентоп Үндістанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады. 

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Мұстафа Шентоп Үндістанның Тәуелсіздік күніне орай Үндістан Халық Мәжілісі төрағасы Ом Бирла және Үндістан Уәлаяттар Мәжілісі төрағасы Венкаиах Наидуға құттықтау хат жолдады. 

Үндістанның Тәуелсіздік күнімен құттықтаған Шентоп "Түркия мен Үндістан арасындағы шынайы достық қарым-қатынастардың негізінде көне тарих, бай мәдениет және керемет адамгершілік байланыстар бар. Парламенттеріміз арасындағы қою қарым-қатынастар да осы негіздер арқылы жалғасуда. Екі жақтылы және көп жақтылы платформада дамуда" деді. 

Шентоп Үндістан халқына бейбітшілік, тыныштық және бақыт тіледі.



Ұқсас жаңалықтар