Президент Ердоған ирандық әріптесімен телефонда сөйлесті
Президенттік аппараттың Коммуникация басқармасы мәлімдеме жасады.

Президент Режеп Тайып Ердоған ирандық әріптесі Ибрахим Реисимен телефон арқылы сөйлесті.
Президенттік аппараттың Коммуникация басқармасы жасаған мәлімдемеге қарағанда әңгіме барысында Түркия-Иран қарым-қатынастары мен аймақтық мәселелер талқыланды.
Президент Ердоған ең қысқа уақытта Тегеранда Жоғары деңгейдегі Ынтымақтастық кеңесі отырысы мен осы шеңберде қол қойылатын келісімдер бойынша жұмыстардың жалғасып жатқанын мәлімдеді.
Екінші жағынан Кавказда бейбітшілік пен тұрақтылықтың үстемдігі үшін талпыныстардың жалғасқанын атап көрсеткен президент Ердоған Түркия ретінде Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен жетілдірген 3+3 платформасының келесі отырысына Түркияның қонақжайлық жасағысы келгенін атап өтті.
Ұқсас жаңалықтар

Мевлүт Чавушоғлу мен Заид Әл Нахаян кездесті
Мевлүт Чавушоғлу: "Көлемді сауда келісіміне қол қоюды қалаймыз" деді.

Президент Ердоған Австрия премьер-министрімен телефонда сөйлесті
Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы тақырыппен байланысты мәлімдеме жасады.