Путин мен Зеленскийдің кездесуі өте маңызды

Президент Ердоған Ресей президенті Путин мен Украина президенті Зеленскийді қысқа уақытта бетпе-бет кездестіруді үміт етеміз" деді.

1765954
Путин мен Зеленскийдің кездесуі өте маңызды

Президент Режеп Тайып Ердоған Ресей президенті Владимир Путин мен Украина президенті Владимир Зеленскийдің қысқа уақытта басын қосуды үміт еткенін деді.

Президент Ердоған астана Анкараға сапармен келген Сальвадор президенті Наиб Букелемен ортақ баспасөз жиналысын өткізді.

Ердоған Сальвадормен сауда мөлшерін алғашқы сатыда 100 миллион долларға, 5 жыл ішінде 500 миллион долларға көтеруді нысанаға алғандарын білдірді.

Жиналыстан кейін сұрақтарға жауап берген Ердоған Ресей мен Украина жайлы сұраққа:

"Аймақта бейбітшілікті қалаймыз, нашар жағдай болмасын деп тілейміз. Ресей президенті Владимир Путин мен Украина президенті Владимир Зеленскийді қысқа уақытта бетпе-бет кездестіруді үміт етеміз" деді.

Ердоған:

"Путиннің Түркияға сапарына да, менің Украина сапарыма да мән береміз. Келер ай Украинаға сапарлай барамын, Путинмен де кездесемін" деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар