Африндегі шабуылда 4 кісі қаза тапты

Африн қала орталығына жасалған шабуылда 20 адам да жараланды.

1765955
Африндегі шабуылда 4 кісі қаза тапты

Ұлттық Қорғаныс министрлігі Сирияның Африн ауданында 4 бейбіт тұрғынның қаза тапқан, 20 кісі жараланған зымыран шабуылынан кейін террористерге қатаң соққы берілгенін хабарлады.

Ұлттық Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде бөлшектеуші террористік PKK/YPG-нің нағыз бет бейнесін көрсетіп, Сирияның солтүстігінде бейбітшілік пен тұрақтылықты қамдаған "Зәйтүн бұтағы" операцияның жылдығында Африн қала орталығына зымыранмен шабуыл жасап, бейуаздарды өлтіргені білдірілді.

Шабуылда 4 бейбіт тұрғынның қаза тапқаны, 20 кісі жараланғаны білдірілген мәлімдемеде:

"Қолдаушы құралдарымыз арқылы террористерге қарасты нысаналар атылды, күрес жалғасуда" деп жазылды. 



Ұқсас жаңалықтар