Түркия мен Катар арасында меморандумға қол қойылды

Мұстафа Шентоп Дохада Катар Шура ассамблеясының төрағасы Хасан бин Абдуллах әл-Ганиммен кездесті.

1765481
Түркия мен Катар арасында меморандумға қол қойылды

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Мұстафа Шентоп Катардың астанасы Дохада ресми кездесулері аясында Катар Шура ассамблеясының төрағасы Хасан бин Абдуллах әл-Ганиммен кездесті.

Катардың ресми агенттігі QNA хабарына қарағанда, Шентоп-Ганим кездесуінде екі ел арасындағы қарым-қатынастар мен парламентаралық ынтымақтастықты нығайту мүмкіндіктері талқыланды.

Кездесу барысында Түркия мен Катар парламенттері арасындағы ынтымақтастықты арттыру мақсатында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Катар Шура ассамблеясының төрағасы Ганим бұл меморандум екі бауырлас елдің парламенттері арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға ықпал ететінін айтты.

Осылайша Катар мен Түркия арасындағы қарым-қатынастар мен ынтымақтастықтың жаңа көкжиектерге көшетініне назар аударған Ганим жоғарыда аталған түсіністік меморандумының екі елдің әртүрлі салалардағы терең қарым-қатынастарының көрінісі екеніне назар аударды.

 



Ұқсас жаңалықтар